2018-06-18 07:20:11 Смотрели: 4848

Қорғас ШЫХО - бажсыз сауда аймағы (Харгос)

Описание

Қорғас ШЫХО - бұл Қазақстан мен Қытай арасындағы бажсыз сауда аймағы, бейтарап жердегі Дюти Фри (Duty Free).

Қорғас - Шығыс қақпасы” АЭА индустрия-логистикалық хаб арқылы Қытаймен сауда жүргізуге бағдарлау ірі бизнес саласында ғана емес, жеке кәсіпкерлік саласында да жүргізіліп жатыр. Туристтік агенттіктер баяғыдан бері Қорғас ШЫХО шекара ынтымақтастық аумағына визасыз Шоп-Турларды ұсынып келе жатыр. Соның арқасында демалыс күндері 3000-4000 қазақстандықтар мен 4-5 тыс. китайлықтар Қорғас Шекара Ынтымақтастығының Халықаралық Орталығының сауда алаңдарына барып қайтады.

Ұзындығы 304,4 км Алматы-Қорғас автожолының құрылысының бітуі Алматыдан Қорғасқа дейінгі жолды 50 километрге қысқартты, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа автострадасының бөлігі қауіпті Көкпек асуынан айнала салынды. Әрине, осындай жағымды жағдайдың арқасында одан да көп сатып алушылар 4-жолақты автобанмен ШЫХО-ға ұмтылды, алайда тиімді сатып алулар жасауға жолға шығу үшін адамдар ШЫХО сауда павильондарындағы жатған тауарларды online қарап, Интернеттен Қорғас, және де онда сатылып жатқан түрлі – түрлі тауарлар жайлы пікірлер оқулары тиіс. Осындай мақсатпен 2016 жылы біздің www.khorgos.biz порталымыз ашылды.

Қорғас ШЫХО жалпы аймағы 528 га, соның ішінде Қазақстан бөлігі - 185 га, Қытай бөлігі - 343 гектар. Қорғаста 6 сауда орталығы мен 2000нан астам бутик жұмыс істейді:

«Кинг Конг» Халықаралық тері қаласы (600 сәнді дүкен)

«Чжун Хэ» Халықаралық сауда орталағы (500 сауда нүктелері)

«Цзянь Юань» сауда орталығы (300 бутик)

«Золотой Порт» универмагы (1200 сауда нүктелері, жартылай толған)

«ИУ» сауда орталығы

"Самұрық" Орта алаңы(Қазақстан жағындағы жалғыз Сауда Орталығы)

КИНГ КОНГ

Тондар, пәлтелер, бас киімдер,  дубленкалар, шарфтар, күрткелер, әйелдер киімдері, таза теріден жасалған қысқы бас киімдер, автошиналар, автоинструменттер, телефондар және тағы басқа...

ЧЖУН ХЭ

Электротауарлар, балар және ер адамдар киімі, косметика, төсек орын жабдықтары,жамылғыштар, сөмкелер, шабадандар, ұзын шұлықтар, дастарқандар, інжу әшекейлері, ерлер және әйелдер аяқ киімі, джинсалық киімдер, шайдың сұрыпталымы, азық-түліктер, және тағы басқа.

ЦЗЯНЬ ЮАНЬ

Ойыншықтар, спорттық тауарлар, ыдыс-аяқ, жамылғыштар, жастықтар, орамалдар, зергерлік бұйымдар, әшекейлер, шатырлар, теледидарлар, ұялы телефондар, иіссулар, дәрілер, былғары күртелер мен жадағайлар, пончо, жылы қысқы ішкі киім, орамалдар, шарфтар, тондар, спорттық жеңсіз көйлектер, үйге арналған тауарлар, және тағы басқа.

АЛТЫН ПОРТ

Тондар, күртелер, кәжектер, спорттық киім, той көйлектері, қысқы және жазғы аяқ киім, балаларға арналған тауарлар, балалар киімі, ойыншықтар, косметика, әшекейлер, сөмкелер, шабадандар, ыдыс-аяқ, сувенирлер, төсек орын жабдықтары, жастықтар, жамылғыштар, автомобильді аксессуарлар, электроинструменттер, электроника, тұрмыстық техника,мейрамханадар мен қонақүйлерге арналған тауарлар, китайлық фармацевтика (шөптер, тұнбалар, сығындылар, жақпа майлар, урологиялық жабыстырғыштар),  және тағы басқа...

САМҰРЫҚ

"Самұрық" сауда үйінде Қазақстанда және ТМД мен ЕЭО елдерінде өндірілген тауарлар ұсынылған. Негізінде жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарлары: темекі бұйымдары, кондитерлік өнімдер, кәмпиттер, нан-бөлішке өнімдері, ұн, алкоголь, коньяк, шарап, арақ, су. Қарғыз тауарларының молшылығы: темекі, бал, балмұздақ.

ШЫХО артықшылықтары:

  • ШЫХО  аумағында Қытай шекарасындағы базарларға визасыз баруға  мүмкіндігі тудырады (жеке куәлігіңіздің немесе паспорттың қолыңызда болғаны, және де тегіңіздің ҚР ӘМ атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыздарлар Реестрінде болмауы міндетті http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd (айыппұл, алименттер ушін, ж.т.б.) Аты-жөніңізді емес, ЖСН-н ғана жазыңыз
  • Көлемі 1500 евродан, және салмағы 50 килограммнан аспайтын заттар үшін кеден төлеулерден босатылу  
  • Қытайлық өндірушілермен шарттарға тікелей, делдалсыз отыру
  • Сатылып алынған тауарларды өзіңіз тасымалдай аласыз
  • Қытайлық серіктестермен визаның ашылуынсыз, нейтралды аумақта кездесу

Қорғас ШЫХО-ға дейін осылай бара аласыз:

  1. Жетіген-Қорғас жолымен жүретін №394Ц «Алматы-2 - Алтынколь» пойызы арқылы: 6 сағат 12 минут жүреді. Тақ күндері 23:00-де жүреді. Алтынколь станциясына келгеннен соң Алтынкөл - Қорғас трансфері жүргізіледі . Билеттерді 1500-2300 теңгеге epay.railways.kz сайтынан сатып ала аласыз
  2. Көкпек-Көктал-Жаркент-Пиджик-тен өтетін Алматы-Қорғас ескі жолмен жеке көлігіңізбен баруыңызға болады (350км, жолда 5 сағат )
  3. Алматы-Қорғас  жаңа трассасымен баруға болады  (304км, 3 сағат жолда). АВТОБАН АШЫҚ.
  4. Алматы, Бішкек, Астана, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Семей, Тараз, Қостанай, Ақтөбе, Қызыл-Орда, Өскемен және тағы басқа қалаларының турагенттіктері арқылы жабдықталған автобуспен баруға болады.

Жұмыс уақыты:

Қорғас ШЫХО БӨП 7:00-ден 19:00 дейін  демалыссыз жұмыс істейді. Және де Қорғас қонақ үйінде қонуға қалсаңыз, шоппингті таң ертеңнен сауда үйлер жабылғанға дейін жасай аласыз, ертеңіне жалғастыруыңызға болады

Қорғас ШЫХО-да осында қонуға болады:

Осы жерлерден тамақ іше аласыз:

  • Қытай мәдени отралығында(ДК - бұл үлкен қызыл ғимарат)
  • "Дун Фан Цзинь Сю" павильондағы ресторанда (тамаққа тапсырыс берілледі)
  • "Алтын Порт" сауда үйінің алдындағы тамақ сатылатын бутиктерде, "Жібек Жолы" асханасын қоса
  • Чжун Кэ-2- дегі фудкорт ("Чжун Хэ" сауда уйіне жалғастыра салынған 5 этажды жаңа жай)
  • Suxin (Сусин) қонақ үйінің қасында қазақ тағамдары бар жаңа "Алмалы" кафесі ашылды.

Қорғастағы Интернет пен ұялы байланыс:

  • Теле2 және Алтел операторлары жарамды деңгейде ұстайды. Теле2 4G және 4G LTE байланыс режиміндерінде жұмыс істей алады.
  • Актив и Кселл 3G режимінде жұмыс істейді.
  • Билайн байланыс сапасы мен дауыс анақтығы бойынша барлық опреаторларды озады.

Қорғасқа жақындағада телефон үй торабында екендігіне көзіңіз жеткенше, роуминг арқылы деректерді табыстауды өшіріп, қоңырауларды қабылдамағаныңыз дұрыс    РОУМИНГТІ ӨШІРУ (Ішкі қоңыраулар минутына 500 теңге емес, ТЕГІН болу үшін)

*145 * 2#  2 Кселл/Актив диалогында

*120 * 000# Билайн

*125 * 2# Теле2

*120 * 2 # АЛТЕЛ ушін

Қытай тауарлары үшін төлеу түрлері:

Қытай бутиктерінде теңге, юань, долларды да алады

Қорғастың ауа-райы Жаркенттегідей : https://yandex.kz/pogoda/zharkent

Бұл мақаланы осында жүктеп ала аласыз: .pdf (Adobe Reader) | .doc (Microsoft Word)

Характеристики

 
Страна происхождения: МЦПС Хоргос
Местоположение:МЦПС Хоргос, Центральная площадь "Samruk"
Частное лицо

Қорғас ШЫХО

Телефон:

+77009977963

MCPS Korgas

Kazakh-Kitai Shekara

Связаться с продавцом
MCPS HORGOS.kz
E-mail Пароль
 запомнить меня
Я забыл пароль